«AMANAT» ҚҰЛАНҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына барша қазақстандықтар үлес қосып, туған жерімізді көркейтуге күш біріктіріп жатқаны белгілі. Алтын бесігіміз болған жеріміздің тазалығын сақтауға, оның тәлімдік мәнін ілгерілетуде «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» науқанын атқарып келеді. Партияның белсенділері ұйытқы болған іс-шара аймақтардағы ең ластанған аумақтарды нысанаға алып, бастапқы қалпына келтіруді көздейді.
Барлығы 82 мыңнан астам адамды ортақ мақсатқа жұмылдырып отырған Түркістан облысында «Таза бейсенбі» экологиялық науқаны мыңдаған сайлашыларымыздың қолдап-қуаттауына сеп болған ізгілікті бастамалардың біріне айналды. Науқанды мақсатына сай өткізуге 241 бастауыш партия ұйымы үлес қосып, ауыл аймақтарда «Таза бейсенбі» іс-шарасы бұқаралық сипатқа ие болған, жұртшылығымыз жылы қабылдаған жүйелі партиялық жоба болып айқындалды.
«Таза бейсенбі» аясындағы тазалық жұмыстары бүгін Түлкібас ауданында жалғасып, партия белсенділері, депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жанашыр азаматтар жиылып, Тұрар Рысқұлов ауылының тұсындағы Құлан өзенінің бойында санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Табиғаты көркем аймақта тау өзенінің бойына аялдап, демалушы азаматтардың қатары көп. Аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өткен тазалық жұмыстарына қатысқандар өзен бойын бастапқы қалпына келтіріп, демалушылар арасында экологиялық тазалықты сақтау мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *