Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы 6 маусымнан бастау алып, бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі экоакция Абай ауданына қарасты А2 тас жолы бойында өтті. Акцияға ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков, қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, БАҚ өкілдері, «Jasyl el» еңбек жасағы және «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері қатысты. Сондай-ақ игі іске танымал спорт майталмандары Арман Оспанов, Біржан Жақыпов, Сұлтан Заурбек, Жазира Жаппарқұл, кинорежиссер Марат Достаев, Миллион командасы және жайдарманшылар белсенділік танытты.
«AMANAT» партиясының ұзақ мерзімге жоспарланған экологиялық акция барысында партияластар аптаның әр бейсенбісінде бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етуде. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды міндеттері тұр. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан аумақтарды, өзен-көлдердің жағалауын тазарту, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары осы міндеттерге айтарлықтай үлес қоспақ.
«Парктердің алдын, көшелерге, магистралдық жолдарға бөлініп-бөлініп, 5 ауданда 5 түрлі форматта өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта да осы қарқынмен жұмыс істейміз»,-дейді «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдықожаев.
Айта кетейік, акцияның басты мақсаты тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру болып табылады.