Мақтааралда арық-атыздар бетондалып жатыр. Оған қоса тік және көлденең дренаждар іске қосылған. Нәтижесінде ыза су азайып, жер асты суы төмендеген. Бұл еңбегін жерден теріп өскен шаруалар үшін қолайлы болып тұр. Өйткені шығын аз, су құлақтың соңына дейін жетеді.
Мақтааралда мақта ата кәсіпке айналған. Егін алқабы үлкен каналдың соңғы жағында орналасқандықтан шаруалар шілдеде су таппай қиналып қалатын.Енді аудан бойынша арық-атыздарды бетондау жұмыстары басталғалы етекке ағын су бейпіл келе бастапты. Бұйыртса келесі жылы каналдардың ұлтаны толық бетондаламақ.
Аудандағы арық-атыздарды бетондау жұмысымен үш бірдей мекеме айналысып жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды Бұл су шығынан азайтып, құлақ соңындағы егін алқаптарына жетуіне мүмкіндік береді. Оған қоса ауданда суды үнемдеу технологиясы кең қолға алынып жатыр. Биылдың өзінде 1300 гектардан астам жерге дәнді дақыл тамшылатып суару әдісі арқылы еліглен. Басты мақсат суды үнемдеп, жоғары әрі сапалы өнім алу,дейді аудан басшы.
«61 мың гектар егіс егетін жердің 40 мың гектарына проект жүріп, жер асты су сорғылары іске қосылды. Жер асты су сорғылары іске қосылған жерлерде жердің соры кетіп, сапасы жақсарды. Мақтаның ғана емес, есік алдында өсетін жеміс-жидекке де жақсы әсер берді»,-дейді Мақатарал ауданының әкімі Бахыт Асанов.
Мақтааралда тік және көлденең дренаждар жөнделген. Бұл жер асты суының төмендеуіне негіз болмақ. Дихандар ерте көктемде ыза судың көтеріліп кетуінен алқапқа егін еге алмай қиналатын. Жер асты су сорғылары іске қосылып, каналдар бетондалса 8 мыңнан астам шарушылық агротехнологиялық шараларды уақтылы жүргізіп, дәнді ерте себуіп, ақ алтынды уақтында жинап алуына негіз болмақ.