«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру ниетімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастау алды.

Мемлекет басшысының өзі ұйытқы болған науқанға «AMANAT» партиясы қолдау білдіріп, бұл бастаманың жалпыхалықтық сипат алуы бойынша бірнеше бағытта жұмыстар атқаруды қолға алды. Аманаттық өкілдер экологиялық мәдениетті қалыптастыруда 5 негізгі бағытта жұмыс атқаруға кірісті. Оның ішінде, экология саласындағы заң нормаларын шығару қызметін атқару, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын тұрақты өткізу, «ТАЗА QAZAQSTAN» Road-эстафетасының бастау алуы, Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализм көріністерінен қорғау жөніндегі қоғамдық науқанын ұйымдастыру, жасыл волонтерлікті қолдау міндеттері бар.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асып жатқан «Таза бейсенбі» науқаны Мақтаарал ауданында өткізілді.

Акция аясында өткен ізгілікті іске «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық мәслихат депутаттары Т.Адамбеков пен М.Даубаева және партияластар қатысып, Мырзакент кентінің жаңа мөлтек аумағындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін бастамалардың бірі.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» бір реттік науқан емес, әр апта сайын «AMANAT» партиясының мүшелері бас қосып, ең лас деген аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *