Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 13 бірдей каналдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түлкібас ауданы аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суғармалы жерін қамтитын 13 су нысанын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 13 каналдың жалпы ұзындығы 123 шақырым болса, соның 77 шақырымы бетондалады. Атап айтар болсақ:
- Құлый МК суармалы жер көлемі -3554, ұзындығы 25,4 км.
- Танта МК суармалы жер көлемі- 374, ұзындығы 9.84 км.
- Боз МК суармалы жер көлемі -134, ұзындығы 11.4 км.
- Кен МК суармалы жер көлемі -347, ұзындығы 10,9 км.
- Жоғарғы Көкірек МК суармалы жер көлемі -445, ұзындығы 12,44 км.
- Төменгі МК суармалы жер көлемі -236, ұзындығы 5,8 км.
- Жоғарғы МК суармалы жер көлемі -400, ұзындығы 10.6 км.
- Бала Құлан МК суармалы жер көлемі -210, ұзындығы 4.56 км.
- Помбай МК суармалы жер көлемі -17, ұзындығы 5.67 км.
- Төменгі МК суармалы жер көлемі -236, ұзындығы 5.8 км.
- Састөбе көтерме МК суармалы жер көлемі -506, ұзындығы 7,87 км.
- Ұзын МК суармалы жер көлемі -166, ұзындығы 5,72 км.
- Қызыл МК суармалы жер көлемі -517, ұзындығы 9,84 км.
«Қазсушар» мекемесінің аудандық филиалының өкілдерінің айтуынша, аудандағы шаруалардың ыңғайына қарай құрылыс жұмыстары егіндікті суғару маусымы яғни 10 мамырдан бастап қазан айының 1 дейін уақытша тоқтатылып, каналдарға толық су берілетін болады. Ол аралықта мердігер мекеме тарапынан қажеттілігіне қарай механикалық тазалық жұмыстары ғана жүргізілмек.
Бұл құрылыс жұмыстарын «АТК 777» мердігер мекемесі жүргізіп отыр. Қазіргі таңда, каналдардың іші толық тазартылыған, бетон төсеу жұмыстары жүргізілуде.