Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Басбұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, сенбілікке шықты.
Тазалық жұмыстары кезінде Саңғыл би кесенесінің аумағын абаттандырып, ауыл маңын, тұрғын үй аулалары мен күре жолдың бойын ретке келтірді. Негізсіз өскен арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арнасын ашып, тұрмыстық қалдықтаран тазартты.
Тазалық жұмыстарына 80-ге тарта тұрғындар мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. Тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,3 шақырымды құрайтын ішкі көшелері тазаланды. 2,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылды.