СЕКСЕУІЛ АЛҚАБЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП, ОРМАН ҚОРЫ КЕҢЕЙІП ЖАТЫР

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 млн көшет егу жоспарланған. Бүгінде орманды молайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Мемлекет басшысы  5 жыл ішінде 2 миллиард ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Жалпы 2025 жылға дейін 110 мың гектарға 170 млн көшет егілуі тиіс. Өңірде 2021-2023 жылдары аралығында 51 мың 500 гектар жерге 78 млн ағаш отырғызылды.

Даланы көмкерген жасыл желектің басым бөлігін сексеуіл ағашы құрайды. Қазіргі таңда облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, жоспардың тең жартысы орындалды. Созақ, Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласында сексеуіл алқабы жылдан жылға артып, орман қоры кеңейіп жатыр.

Мекемеге қарасты орман қоры жерлерінде кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылы 33 мың гектар аумаққа 41 млн түптен астам ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Осы орайда Отырар орман КММ-не 2021-2025 жылдар аралығында 6910 гектар жерге 12 341 260 дана сексеуіл көшетін отырғызу, 26 500 гектар жерге 29 415 000 дана сексеуіл тұқымын себу жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда жоспардың 52 пайызы толық орындалды. 2025 жылдың соңыңа дейін жоспар 100 пайыз орындалады деп күтілуде. Соңғы жылдары егілген көшеттерге тұрақты түрде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде көнімділігі 70-80 пайызды құрап отыр.

Бүгінде табиғат қорғаушылары сексеуіл алқабын сақтап, мүмкіндігінше кеңейтуге кіріскен. Мекемеде өткен жылы жалпы 5700 гектар жерге 7464100 дана сексеуіл көшеті отырғызылған. Биыл 2000 гектар жерге 3572 000 дана сексеуіл көшетін отырғызу жоспарланып, орындалды. 6150 гектар жерге сексеуіл тұқымын себубиылғы жылдың күз мезгілінің еншісінде. Жалпы биыл 8150 гектар жерге 10 398 500 дана сексеуіл көшеті отырғызылатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *