БІЗ ҮШІН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ САҚТАУ — ИГІ ІС

Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессия өкілдерінің қатысуымен 30 тамыз – Конституция күніне орай, «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында семинар өтті. Жиында қаладағы этноконфессиялық ахуалды жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, еліміздің Ата Заңында айшықталған зайырлылық құндылықтары сөз болды.

Семинарда қалалық дін істері басқармасының басшысы  Бахтияр Өнербаев мемлекеттік саясаттың басымдықтары жайлы ой қозғап, бірлік, татулық сынды құндылықтарды сақтау әрі заң талаптарын орындау әрбір Қазақстан азаматының мерейлі міндеті екенін айтты.

«Елімізде қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, еліміздің өpкeндeyi үшiн атқарылған істер көп. Біз түрлі ұлт өкілдерінің тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз», – деді Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Әлтайұлы.

Жиында сөз алған қалалық ассамблея мүшелері Қазақстанның ең маңызды құндылығы – Тәуелсіздік екеніне ерекше тоқталды. Қоғамдық келісім арқылы жалпыұлттық бірлікті сақтау барша қоғам мүшелері үшін игі әрі жауапты іс екенін айтып, берекелі бірлік пен тұғырлы татулықты сақтау бағытындағы бастамалар мен жүйелі жұмыстар жайында пікір алмасты.

Бүгінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 17 этномәдени бірлестік белсенді түрде жұмыс істеуде. Бұл мегаполисте барлық этнос өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен мәдениетін сақтауына барынша жағдай жасалғанын көрсетеді. Соңғы жылдары ҚХА өз қызметінің ауқымын кеңейтіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *