ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБЛИНДЕГІ IGEO-2024 ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді. Биыл Қазақстан командасы 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Олар:

Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы физика-математика  бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  11-сынып оқушысы;

Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  11-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Жыл сайын өтетін Халықаралық IGeO-2024  олимпиадасында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай топ жарды.

Байқау нәтижесінде NIS оқушылары  қола медаль иегерлері атанды.

Еске сала кетсек, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық олимпиадада  Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  11-сынып оқушысы Арсен Сыдықов алтын, ал Қанат Серікбай күміс медальдарға ие болған.  Басқа да беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *