ҚМА ЖӘНЕ ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ТАБЫСТАРЫН ЗАҢДАСТЫРУҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Мемлекет басшысының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мен ІІМ тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасап келеді. Жұмыс топтары құрылып, орталық және өңірлік деңгейде апта сайынғы кездесулер өткізу арқылы ынтымақтастық орнатылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың жұмыс кездесуі өтті, оның барысында жұмыстың басым бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл векторлары талқыланды.
Тараптар серіктестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді қаржылық мониторинг органдармен қатар ішкі істер органдарында да қылмыстық кірістерді жылыстату қаупі жоғары қылмыстарға қатысты параллельді қаржылық тергеу институты толыққанды қолданылатын болады. Бұл тергеудің неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеуге және шынайы құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан криптовалюта саласына көшті, онда оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау жасауда.

Осыған байланысты, құжат қылмыстық кірістерді, есірткіні таратудың заңсыз тәсілдері мен схемаларын анықтау кезінде бірлескен жұмыс шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Біздің қаржылық барлау бөлімшесі өткен жылдан бері «Telegram» әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет-арнаны анықтады. Олар бойынша ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді», — деп атап өтті Д.Малахов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз кезегінде бұл кездесу тараптардың есірткі қылмыстарына қарсы тиімді іс-қимылға мүдделілігін тағы да атап өтті.
Кездесу барысында қаржылық барлау крипто- және есірткі айналымын анықтаған кезде кірістерді жылыстатудың жоғары тәуекелімен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл және тарату арналарының жолын кесу бойынша ҚМА мүмкіндіктері таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *