ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА 8 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

Ынтымақ-2 шағын ауданы аумағында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 11,7 шақырым 8 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда, Орда, Жаңақоғам, Сазсырнай, Жоласар, Сарқан, Сарыжаз және Атауы жоқ №3,4 көшелері.
Қазіргі уақытта көшелер кезең-кезеңімен асфальтталуда.  Жыл қорытындысымен жоспарланған көшелердегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталады.
Сонымен қатар, “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” арнайы құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертханасымен, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге барып, қолданыстағы материалдардың сынамасының талапқа сай болуын тексерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *