КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ, ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛІП, 32 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай сенбілік өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округінен 230-дан аса адам  қатысты.

Қарашық ауылдық округінінің орталық, басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын тауып келеді.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 5 техника жұмылдырылды.

Маңызы бар орталық автожолының бойы қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Нәтижесінде 32 тонна қоқыс тиісті орынға шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *