САРЫАҒАШ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шарасы өтті. БАҚ өкілдері мен өткетанушылар  «Айырылмас» этно-мәдени саябағы кешені аумағында аудан тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар бір кісідей белсене атсалысты.

Сарыағаш ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсатын түсіндіріп, аталған бағдарлама аясында тазалық шарасына қатысуға облыстың БАҚ өкілдері мен өлкетанушыларының Сарыағаш ауданына келуіне атсалысқан Дулат Әбіш мырзаға аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.

Қарқынды тазалық шарасы барысында қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шөптері орылып, саябақтағы орындықтар мен қоқыс салғыштарға тазаланып, қоқыстар шығарылды.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың ауданның тазалығына қосқан үлесі.

Айта кетейік, БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар “Таза Қазақстан” бағдарламасын насихаттауды ары қарай Түркісиан облысының Қазығұрт, Төле би аудандарында және Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жалғастырмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *