ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЭКО-КУЛЬТУРА» ХОЛДИНГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсіріледі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен кездесті.

Түркістан облысы инвестициялық байланыстарды тереңдетіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Атқарып жатқан жұмыстармен бірге, өндірісті дамытуға, терең өңдеу, өндіріс орындарын ашуға қатысты бірқатар қосымша жобаларды ұсынғалы отырмыз. Біз өз тарапымыздан оларды жан-жақты қолдауға дайынбыз. Тұрғындарымызды жергілікті өніммен қамтып, жұмыс орындарын көптеп ашу – біздің басты мақсатымыз. Біз өз тарапымыздан өнімді сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыра аламыз. Сіздердің сұраныстарыңызға сай өзіміздің шаруалар дайын өнімін ұсына алады. Ауыл шаруашылығы саласында көш бастап келетін біздің облыста осы саланы барынша дамытуға мүдделіміз. Біз үшін әрқайсыңыз біздің өңірге пайдасы бар өз бизнесін тапқаны маңызды. Өз тарапымыздан бұл бағыттағы барлық бастамаларға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді Дархан Сатыбалды.

Ресейлік «ЭКО-культура» агрөнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Рудаков та сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.

Бізге жан-жақты қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз. Сөзді іспен дәлелдеп жатқаныңыз қуантады. Инфрақұрылым уақытынан бұрын дайын болды. Әрі қарай бірге еңбек ететінімізге сенемін. Келес ауданындағы жобамыз алдағы ақпан айында іске қосыла бастайды. Жұмысшыларды қабылдап, барлық әлеуметтік қолдау көрсетеміз. 2025 жылдың аяғында құрылыс толық аяқталып, ауқымды жұмысты бастаймыз. Біз байлыққа кенелу үшін емес, инвестиция құйып, жұмыс орындарын барынша ашу үшін келдік. Оны орындауға күш саламыз. Жаңа идеяларыңыз, тың жобаларыңыз үшін алғыс айтамыз. Нақты сұранысқа ие жеміс-жидек, көкөністің ассортиментін арттыруға дайынбыз. Жергелікті нарықты қамтып қана қоймай, Ресей, Дубай, Қытайға экспорттай аламыз. Жаңа жобаларды жүзеге асыру бағыттарын әлі нақтылап, бірлесе жүзеге асыруға күшімізді саламыз, — деді «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков.

Қазір 51 гектар жерде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асуда. Келер жылы іске қосылады. Бұйырса 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге.

Айта кетейік,  еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған  климаттық бақылау жүйесімен жабдықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *