ЕРМЕК НАМАЗОВ: КӨРГЕНІМІЗ БЕН КӨҢІЛГЕ ТҮЙГЕНІМІЗ КӨП БОЛДЫ

«Ұлттық сапа орталығы» РМК  қызметкерлері ҚазАвтоЖол өкілдері және жеке жол мердігерлерімен бірге Германияда болды.

Қазақстандық жолшылар  Реттенмайер компаниясының кеңсесіне барып, компанияның қызметімен, оның бағыттарымен, viatop тұрақтандырушы қоспасының желісі, оның тарихы және артықшылықтарымен танысты.

«Біз Германияның Хольцмюлле қаласында орналасқан JRS компаниясының зертханасында болып, жаңа технологиялармен таныстық.  Біздің басқы мақсатымыз осы елдің тәжирибиесін  көру, үйрену. Көргеніміз бен көңілге түйгеніміз көп»,-дейді  «Жол активтері сапасының ұлттық  орталығы» РМК ШҚФ  Сынақ зертханасының меңгеруші Ермек Намазов .

Бұл сапарды Қазақстандағы Реттенмайер компаниясының өкілі болып табылатын “Адал-Шарт” ЖШС ұйымдастырды. Реттенмайер 150 жылдан астам тәжірибесі бар компания. Компания адам өмірінің барлық салаларында қолданылатын табиғи целлюлоза талшықтарын өндірумен айналысады.

Қазақстандық делегацияға Реттенмайер компаниясының зертханасында viatop тұрақтандырғыш қоспасын өндіру және тексеру әдістері көрсетілді. Сонымен қатар, делегация MAKADAM жол компаниясының асфальт-бетон зауыты мен зертханасына барды. Онда өндірілген асфальт пен оны төсеу сапасын бақылау және өндіру әдістерімен танысты. Қазақстандық делегация STRABAG компаниясының Орталық жол зертханасында тәжірибе алмасу мақсатында неміс жолшыларымен және зертханашыларымен өндірістік мәселелерді талқылқылап, іс жүзінде көрсету мақсатында қолданыстағы viatop тұрақтандырғыш қоспасын төсеу кезінде жол учаскесіне шықты.

Сапар барысында өзекті мәселелер талқыланып, неміс жолшылармен пайдалы тәжірибе алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *