Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді. Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 150 орынға шақталған.
Шымкент қаласының қақ төрінде яғни Қонаев және Бәйдібек би көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан Облысының Құрметті азаматы, Аяшев Оңалбай Оңалбайұлы және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚМПУ ректоры заманауи үлгіде салынған студенттер үйінің лентасын қиып, жас маман иелеріне сәттілік тіледі.
Жатақхананың жекеленген әр бөлмесінде 2 және 4 адамнан тұрады, мұнда жеке санитарлық бұрыш пен душ бөлмелері тағы бар. Жатын бөлмелермен қатар, студенттер үйі заманауи ас үйлермен, қосымша әлеуметтік дүкен, кір жуатын орынмен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жабдықтармен қамтылған.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов университетінде бүгінде 9 мыңға тарта студент білім алады. Сапалы білім беруде озық келе жатқан оқу ордасы құрылтайшылары бүгінде білім алушыларына бар жағдайды жасап отыр.