Түркістан облысының 2000-нан астам оқушысы «IQanat» олимпиадасына қатысады

Түркістан облысының ауыл мектептерінен 2000-нан астам оқушы республикалық «IQanat» олимпиадасына қатысады.


Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен білімділер ел бойынша үздік 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы сынақтан өтеді.

Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы. Бұл бастама аясында жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сыныптағы оқушыларға тәлімгер болып, олардың білімін жетілдіруге көмектеседі.

Олимпиада аясында қатысушылар тестілеуден ғана емес, түрлі тренингтерге, квесттер мен командалық ойындарға да қатысады. Оларға 11 тәлімгер мен «IQanat» жобасының 7 түлегі қолдау көрсетеді.

«IQanat» – ауылдық жерлердегі 50 000-нан астам 8-сынып оқушысы қатысатын ауқымды жоба. Олимпиадаға қатысушылардың 70%-ы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан. Жеңімпаз атанған оқушылар Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін 3 жылдық сапалы дайындықтан өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *