Қазақстанда PEFA көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы бағытта маңызды құралдардың бірі – PEFA (Public Expenditure and Financial Accountability) бағалау жүйесі болып табылады.

PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудағы ашықтықты, тиімділікті және есептілікті бағалай отырып, инвесторлар үшін сенімділіктің маңызды көрсеткіші ретінде танылады. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы Қазақстанның қаржылық беделін арттырып, шетелдік инвестициялар тартуға оң әсер етеді.

Президент тапсырмасын іске асыру аясында 2022–2024 жылдары Қазақстанда мемлекеттік шығыстар, қаржылық есептілік және оның климаттық өлшемі (PEFA Climate) бойынша бағалау жүргізілуде. Бұл жұмыс Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

PEFA әдіснамасына сәйкес мемлекеттік қаржы жүйесі 7 өлшем және 31 индикатор бойынша бағаланады. Олардың қатарында бюджеттің нақтылығы мен ашықтығы, активтер мен міндеттемелерді басқару, салық-бюджет саясаты, бюджеттің орындалуын болжау және бақылау, есеп жүргізу мен есептілік, сондай-ақ сыртқы аудит бар.

Алдын ала нәтижелер бойынша, Қазақстанда «А» деңгейіндегі көрсеткіштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Сонымен қатар, «В» деңгейіне сәйкес индикаторлар 25%-ға жақсарды. Бұл – бюджет процесінде ашықтық пен тиімділік артқанын, сондай-ақ мемлекеттік қаржыны басқару саласында елеулі прогресс бар екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау күшейіп, азаматтардың салық-бюджетке қатысты ақпаратқа қолжетімділігі жақсарған. Қаржы және қаржыдан тыс активтерді мониторингілеу бағытында да оң динамика байқалады.

Аталған нәтижелер мемлекеттік қаржы жүйесін жетілдіру бағытындағы реформалар мен қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

Айта кетейікPEFA – мемлекеттік қаржы жүйесін басқаруды бағалаудың халықаралық әдістемесі. Бұл құрал қаржылық басқарудың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, реформалардың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Халықаралық ұйымдар мен инвесторлар бұл көрсеткішке ерекше назар аударады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *