Болат Бекнияз: Цифрландыру тек жерүсті емес, жерасты су ресурстарын да қамтуы қажет

 «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өкілдерімен кездесті. Кездесуде Қазақстанда Water Base ақпараттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.

Мұндай жүйелер әдетте су ресурстарын басқаруға, мониторинг жүргізуге және тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Жерасты суларының жағдайын бақылауды, су ресурстарының тізімін жасауды және картографиялық визуализацияны қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар талдамалық ақпарат құрастыруға, қашықтағы дереккөздерден — оның ішінде бақылау датчиктерінен — жедел деректер алуға мүмкіндік береді.

Water Base жүйесін енгізу аясында компьютерлік және серверлік жабдықтар беріледі. Кездесуде  GIZ өкілдері Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын Ташкент қаласындағы ақпараттық жүйенің жұмысымен таныстыруды ұйымдастыруға дайын екендерін білдірді.

«Цифрландыру тек жерүсті емес, жерасты су ресурстарын да қамтуы қажет. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Өзбекстандағы әріптестерімен және Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен бірлесіп, жерасты суын басқару жүйесін жаңғырту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Water Base жүйесін енгізу жерасты су қорын бақылау мен басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді», – деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *