Ұлттық домбыра күні – рухани жаңғырудың жарқын нышаны

Жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін ерекше ықыласпен атап өтеді. Бұл мереке – халқымыздың терең тамырына бойлап, бай руханиятын дәріптейтін маңызды күн. Домбыра – қазақтың төл мұрасы, ұлттық болмысымыздың көрінісі, ұлт жүрегінің үні.

Домбыраның қоңыр үні – шежіре. Оның әрбір пернесінен тарих сөйлейді. Құрманғазының күркіреген күйлері, Тәттімбеттің сырлы саздары, Дәулеткерей мен Қазанғаптың көркем шығармалары – халқымыздың өткен өмірінің, елдік пен ерліктің, махаббат пен мұңның бейнесі.

Ұлттық домбыра күні – ата-бабадан жеткен асыл мұраны ұлықтап, оны кейінгі ұрпаққа аманаттаудың жарқын үлгісі. Бұл – ұлттық кодты жаңғыртуға, ұлттық рухты асқақтатуға бағытталған тағылымды мереке. Биыл бұл айтулы күн 6 шілдеге сәйкес келіп отыр. Өткен жылы мереке 7 шілдеде аталып өткен болатын.

Домбыра – көнеден жеткен көне шежіре ғана емес, қазақ халқының рухани тірегі. Қазіргі таңда бұл мейрам сегізінші рет тойланғалы отыр. Ол – барша қазақ баласының жүрегіне жақын, ұлттық сана мен мәдениетке қосылған ерекше үлес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *