Астанада Орталық Азиядағы ең ірі электроника көрмесі өтеді

9–11 шілдесі аралығында Астанадағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында Орталық Азияның электроника, электротехника және цифрлық технологиялар саласындағы жетекші оқиғасы — Electronica Expo Kazakhstan 2025 көрмесі өтеді.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл көрме — электроника саласындағы кәсіби мамандар мен технологияға қызығушылар үшін маңызды алаң. Electronica Expo Kazakhstan көрмесі Орталық Азия елдеріндегі ең ірі және ауқымды шара болып саналады.

Көрмеде тұрмыстық және өнеркәсіптік техниканың соңғы үлгілері, электрондық компоненттер мен модульдер, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері, цифрлық платформалар, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген шешімдер таныстырылады.

Көрмеге әлемнің 10 елінен 150-ден астам компания қатысады. Сонымен қатар, 35-тен астам спикер сөз сөйлеп, сала бойынша өзекті тақырыптарды қамтитын шеберлік сыныптары мен бизнес-конференциялар өтеді.

Electronica Expo Kazakhstan — электроника саласында жұмыс істейтін әзірлеушілер, өндірушілер, дистрибьюторлар, қызмет көрсетушілер және технологияны ілгерілететін кәсіпкерлер үшін бірегей кәсіби орта.

Кіру тегін, тек алдын ала тіркеу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін:
WhatsApp: +90 536 810 68 98
Email: info@electronica-expo.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *