Сауран мен Кония: өндірістік әріптестікке бағытталған жаңа қадам

Түркістан облысы Сауран ауданының  кәсіпкерлері  Түркияның өндірістік әлеуеті жоғары өңірлерінің бірі – Кония қаласына іссапармен барды.  Іскерлік байланыстар орнату бағытында маңызды келіссөздер жүргізді.

Делегация құрамында Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, «Жасыл Сауран» мекемесінің директоры Нұржан Бадамбаев және аудандық бір топ жеке кәсіпкерлер болды.

Түркияның Кония қаласындағы бірқатар индустриялық аймақтарды аралаған делегация мүшелері жергілікті өндіріс орындарының жұмысымен танысып, ірі компаниялармен нақты әріптестік мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, делегация автоматтандырылған машиналар шығаратын «Kanat Makina San. Tic. Ltd. Şti», мәрмәр тас өңдеу жабдықтарын өндіретін «Efeşen», сондай-ақ сүт өнімдері мен бал өндіруге арналған заманауи қондырғылар жасап шығаратын «Türköz» компанияларымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттарын белгіледі.

Кездесулер нәтижесінде тараптар экономикалық байланысты нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ниет білдірді.

Бұл сапар Сауран ауданы үшін жаңа технологияларды меңгеру мен өндірістік әлеуетті арттыру бағытында маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, 2005–2024 жылдар аралығында Түркиядан Қазақстанға $5.2 млрд тікелей инвестиция құйылды. Ал  қазақ инвесторлары Түркияға шамамен $2.2 млрд салған.

2024 жылға дейін Түрік капиталымен Қазақстанда жұмыс істейтін 3 538 кәсіпорын тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *