Әзербайжанда Қазақстанмен бірлескен «Тарлан-2025» оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Бұл туралы Bozyq.kz Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әзербайжан Қорғаныс министрлігі
Оқу-жаттығу жиыны арқылы екі елдің Қарулы Күштері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (әскери мақсаттағы дрон – ред.) қолдану бағытында тәжірибе алмасты. Іс-шарада сөз алған қос тараптың әскери басшылары бірлескен операциялардың аймақтық қауіпсіздік пен әскери әріптестікті нығайтуда маңызы зор атап өтті.
Оқу-жаттығу жиыны 10 шілде күні аяқталды. Іс-шараны екі тарап та қорғаныс саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы ретінде бағалап отыр. Бұл жиын Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтіп жатқанын айта кету керек.
Еске салсақ, Қазақстанда FPV-дрон операторларын даярлайтын инновациялық оқу-жаттығу кешені жұмыс істеп тұр.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әскери әріптестік — стратегиялық сенімге негізделген серіктестіктің жарқын көрінісі. Екі ел қорғаныс саласында тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу және заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру бағытында тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл байланыс аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, өзара сенімді нығайтуға және Каспий маңындағы қауіпсіздік жүйесін бірлесіп қалыптастыруға үлес қосуда.