Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң арқылы Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізілді.

Тұрғын үй басқару саласында өзгерістер

Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда бұрын қолданылып келген жай серіктестік нысаны жойылып, басқарудың тек екі түрі қалдырылды:

МИБ (меншік иелері бірлестігі)

ТББ (тікелей бірлесіп басқару)

Бұл шешім тұрғын үй иелерінің мүддесін қорғауға және басқару процесін ашық әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Салық және декларациялау ережелері нақтыланды

Заңның екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты. Атап айтқанда:

Декларациялау тәртібі бойынша құқықтық айқындық артады;

Салық кодексіндегі сілтеме нормалар өзектендіріледі.

Бұл түзетулер салық саласында бірыңғай құқықтық ұстаным қалыптастырып, салық төлеушілерге түсінікті әрі нақты талаптар ұсынады.

Қосымша заңдарға да өзгерістер енгізілді

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу туралы заңдарға;

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заңнамалық түзетулер саладағы реттеуді жетілдіруге, құқықтық тәртіп пен басқару сапасын арттыруға бағытталған.

Сурет Ақорда сайтынан алынды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *