Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман

Серікова Ләйла Ергешқызы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2004 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда Анатомия-физиология пәндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Педагог-зерттеуші» кәсіби санатына ие.

Білімі:

— 1997 ж. – Шымкент медицина колледжі, «Мейірбике ісі» мамандығы;

— 2003 ж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы;

— 2004 ж. – Шымкент қаласындағы №6 балалар ауруханасында интернатураны аяқтаған.

Еңбек жолы:

— 2004 ж. – Шымкент медицина колледжіне арнайы пәндер оқытушысы ретінде қабылданды;

— 2005 ж. – Анатомия және физиология пәндері бірлестігінің төрайымы;

— 2017 ж. – «Емдеу ісі» бөлімі меңгерушісі;

— 2019 ж. – Анатомия-физиология пәндері ЦӘК төрайымы қызметін атқаруда;

— 2023 ж. – «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілді. Авторлық жұмысы:

— «Анатомия (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама)» электронды оқу құралының авторы.

Ол – болашақ медицина мамандарын даярлауда сапалы білім беруге, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс атқарып жүрген білікті педагог. Көпжылдық тәжірибесінің нәтижесінде халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын дайындаған.

Жетістіктері:

— 2023 ж. – Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған «Анатомия және физиология үздігі

– 2023» республикалық байқауында «ATLAS» тобына жетекшілік жасап, бас жүлдеге ие болды;

— 2018 ж. – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған;

— 2020 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Ләйла Ергешқызы Серікова — жаңашыл, ізденімпаз, кәсіби құзыреттілігі жоғары ұстаз. Ол білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударады. Көпжылдық педагогикалық тәжірибесінің арқасында халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын дайындап келеді.

Ол — сапалы медициналық кадрлар даярлау ісіне сүбелі үлес қосып жүрген, ұрпақ тәрбиесіне адал қызмет етіп келе жатқан шынайы педагог.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *