Қазақстан Coursera халықаралық марапатының финалисі атанды

Қазақстан тағы да халықаралық деңгейде мойындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемдегі жетекші онлайн білім беру платформасы — Coursera компаниясының Outstanding Achievement Awards 2025 жаһандық марапатының финалисі атанды,-деп хабарлайды Bozyq.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Coursera бұл марапатты білім беру саласында ерекше нәтиже көрсеткен серіктестеріне ұсынады. Қазақстанның бұл мәртебелі атағы 2025 жылғы қыркүйекте өтетін Coursera Connect халықаралық форумында ресми түрде жарияланады.

Coursera-ның маркетинг жөніндегі директоры Тим Хэннан өз жолдауында:
«Сіздердің көшбасшылық, жаңашылдық және білім беруді трансформациялаудағы ықпалдарыңыз бізді шынайы шабыттандырады. Бұл — жаһандық үздік тәжірибелеріңіздің жарқын көрінісі», — деп атап өтті.

Айта кетейік, Coursera платформасын бүгінде әлем бойынша 120 миллионнан астам адам пайдаланады. Қазақстан бұл сервисті жоғары білімді цифрландыру мен қолжетімділікті арттыру мақсатында белсенді қолдануда.

Бұл жетістік — еліміздің заманауи білім беру саясатының халықаралық деңгейде оң бағалануының айқын дәлелі.

Қазақстанның Coursera Outstanding Achievement Awards 2025 марапатының финалисі атануы елдің білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде танылып отырғанының нақты дәлелі. Бұл — Қазақстанның онлайн және цифрлық білім беруді дамытудағы табыстары мен заманауи трендтерге сәйкестігін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *