ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПТАН ШЫҚТЫ

        Төтенше жағдай кезінде 1 ай Отан алдындағы борышын өтеген ерікті сарбаздар саптан босатылды. Енді олар карантин кезінде уақытша жабылған мекемелердегі жұмыстарына қайта оралады.

 Дүниені дүрліктірген дертпен күресуге өз үлесін қосқандардың бірі — Әмір Ахметжан. Аға сержант бұған дейін де Отан алдындағы борышын өтеген. Ел басына туған қиын-қыстау кезеңде шет қалмай, өз еркімен сапқа тұрған азамат ешнәрсеге өкінбейтінін айтады.

100 сарбаз  30 күн қаламыздағы 4 ауданда дезинфекциялық шаралар жүргізумен айналысты. Енді олардың бұл қызметі әскери билеттеріне енетін болады.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде өз еркімен сапқа тұрған жұмыссыз еріктілерге ең төменгі айлық есебінде 42500 теңге төленеді. Ал, карантин талаптарына сәйкес жұмыс мекемесі жабылған ерікті сарбаздарға өз қызметіндегі жалақы мөлшері берілетін болады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *