Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды

Түркістан облысында «Серпін-2050» және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында білім алуға ниетті жастар саны артып келеді. Биылғы жылы аталған бағдарламалар арқылы өңірден 802 мектеп түлегі жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант негізінде қабылданды.

Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарлама аясында еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының өкілдері арнайы келіп, аудандарда кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп бітірушілермен кездесу өткізген.

«Бағдарламаны түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін берді. Түркістан облысының түлектері елдегі жетекші жоғары оқу орындарының грант иегері атанып, өз болашақтарына нақты қадам жасады», – деді облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы.

«Серпін» бағдарламасы – еңбек күші артық өңірлердегі жастарды жұмыс күші тапшы аймақтарға оқуға жіберіп, кейін сол жақта тұрақтап еңбек етуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік бастама. Бұл жоба жастарды біліммен қатар еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *