Шымкентте газ қаупін анықтайтын заманауи мобильді зертхана іске қосылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған заманауи мобильді зертхананың жұмысымен танысты. Бұл зертхана — лазерлік технологиялармен жабдықталған және қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған тиімді шешім.

Мобильді ДЛС-АВТО («Пергам») зертханасы метан газын 60 метрге дейінгі қашықтықта дәл анықтай алады. Жүйе жер астындағы газдың шығу қаупін контактсыз диагностикалап, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, газ шығуын алыстан анықтайтын бұл алдыңғы қатарлы жүйе еліміз бойынша алғаш рет Шымкент қаласында енгізіліп отыр. Бұл бастама мегаполистің инженерлік инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып саналады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *