Шымкентте «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі тиімді жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Тамыз конференциясында «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштағанының үйлесімді жұмысын білім сапасының негізгі факторы ретінде атап өтті. Бұл бағыттағы бастама Шымкент қаласында нақты іске асуда.

Президент атап өткендей, тәрбие тал бесіктен басталады. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – мұғалімнің де, ата-ананың да, мемлекет пен қоғамның да ортақ міндеті. Осы ретте Шымкент қаласында ата-аналармен серіктестікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.

Білім беру ұйымдарында тәрбие процесінің негізіне «Заң мен тәртіп» қағидаты алынған. Бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, «Өмірлік бағдар» және «Тәртіп тірегі» жобалары жүзеге асуда. Жобалар құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тиімді тетікке айналды.

«Әр бала – назарда» ұстанымына сәйкес, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау, оларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету – басты назарда. Осы мақсатта қалада «Психологиялық қолдау» орталығы ашылып, қызметін бастады.

Бүгінде Шымкент қаласында 32 мыңнан астам педагог шәкірт тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосып жүр. 2025 жылы біліктілік деңгейі бар ұстаздардың үлесін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Мұғалімдердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп, білім беру сапасын арттыруға барлық жағдай жасалуда. «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесі мен кәсіби құқығы қорғалып отыр.

Бүгінге дейін:

1 ұстаз – «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды;

3 ұстаз – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды;

3 ұстаз – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды;

24 педагог – республикалық «Үздік педагог» атағына лайық деп танылды.

Шымкент қаласында «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігінің тиімді байланысы орнап келеді. Бұл – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде. Білім беру жүйесінде жауапкершілікті бөлісу, серіктестікті дамыту және ұстаз еңбегін бағалау басты құндылық ретінде айқындалуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *