Шымкенттік оқушы әлемнің 118 университетінен шақырту алып, рекорд орнатты

Шымкент қаласындағы «125 High School» мектебінің 11-сынып оқушысы Жанерке Жүнісәлі халықаралық деңгейде айрықша жетістікке қол жеткізді. Ол өзінің жоғары академиялық көрсеткіштері мен терең білімінің арқасында әлемнің 118 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алып, рекордтық нәтиже көрсетті.

Жерлесімізге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Испания, Түркия, Малайзия, БАӘ және Оңтүстік Корея секілді мемлекеттердің жетекші университеттері гранттар мен арнайы шәкіртақылар ұсынған. Бөлінген қаржыландырудың жалпы көлемі миллиондаған долларды құрайды.

Жанеркеге грант ұсынған негізгі оқу орындарының тізімі:

АҚШ: The College of Wooster ($172,000), Whittier College ($144,000), Xavier University ($144,000), Hope College ($140,000), Bradley University ($112,000);

Германия: Constructor University (€32,000);

Канада: Toronto Metropolitan University (CAD 80,000);

Сингапур: Curtin University Singapore (SGD 30,000);

БАӘ: University of Wollongong Dubai (AED 40,000);

Түркия және Кипр: TED University (75% жеңілдік), European University of Lefke (80% жеңілдік).

Қазіргі таңда Жанерке Жүнісәлі Малайзия университеттері тарапынан түскен ұсыныстарды белсенді қарастырып, өзінің болашақ кәсіби бағытын осы елдегі оқу орындарының бірімен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Жеңісің құтты болсын, Қазақ даласының дарынды аруы!

Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында Шымкент қаласындағы 291 мектепте 277 мың оқушы білім алды.  Биыл 16 мың түлек мектеп бітірді.  Олардың ішінде 786 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 1123 түлек қызыл аттестатқа үміткер. Сондай-ақ оқушылар халықаралық және республикалық жарыстарда 3 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль және 4 грамота жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *