Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов жүргізген кеңес отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева, Жанар Темірбекова және кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша Кентау қаласының әкімі Ж.Тасов мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында атқарылған жұмысының қорытындылары бойынша есеп берді.
Сонымен қатар, Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Алданиязов Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері туралы баяндама жасады.
Одан бөлек, отырыста Кентау қаласының білім бөлімінің басшысына, Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына, Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына, Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маманына, сондай-ақ Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Аталған мәселелер Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *