Алғашқы лек табысты аяқталды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мектеп оқушыларына арналған «EduCampShym» 10 күндік оқу лагерінің бірінші легінің жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға университет Басқарма төрағасы-ректор м.а. Әлібек Нұртаев қатысып, лагерь жұмысының қорытындысын шығарды. «EduCampShym» жобасының негізгі мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, еңбекке баулуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету.

Он күн бойы оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, факультеттер ұйымдастырған танымдық кездесулерге, шеберлік сағаттарына және тәжірибелік сабақтарға қатысты. Бағдарлама барысында қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Лагерьдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Маркетинг бөлімі, университет факультеттері, Мәдениет бөлімі, Медиа орталық, Тәрбие департаменті және өзге де құрылымдық бөлімдер белсенді атсалысты.

Жабылу салтанатында университет ректоры лагерь жұмысына белсенді қатысқан мектеп мұғалімдерін Алғыс хаттармен марапаттап, олардың өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы мен кәсіби бағдарлануына қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

«EduCampShym» оқу лагерінің бірінші легі өз мәресіне жетіп, қатысушыларға жаңа білім, тәжірибе және жарқын әсер сыйлады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ұйымдастырылып отырған «EduCampShym – 2026» оқу-танымдық лагері жасөспірімдердің жан-жақты дамуына және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауларына мүмкіндік береді.

«EduCampShym – 2026» – Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларына арналған оқу-танымдық және кәсіптік бағдар беру лагері. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға көмектесу.

Бұл жоба алғаш рет 2025 жылы іске қосылып, оқушылар мен ата-аналар тарапынан жоғары бағасын алды. Сол уақыттан бері лагерь кәсіби бағдар беру бағытындағы маңызды бастамалардың біріне айналды.

Бағдарлама аясында қатысушылар жоғары оқу орындарының қызметімен танысып, түрлі мамандықтардың ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет алады.

Фото: Береке Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *