Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды

Бүгін Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Арыстанов, зиялы қауым өкілдері, мектеп ұстаздары, жаттықтырушылар мен оқушылар қатысты.
Жиында мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, барша оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Ол өңірдегі талантты балаларды қолдау, жас спортшылардың шеберлігін арттыру және сапалы білім алуына жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ жас спортшыларды берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, білім мен спортты қатар алып жүруге, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды. Ұстаздар мен жаттықтырушыларға еңбектеріне табыс тіледі.
Айта кетейік, мектеп 2025 жылы салынған. Жобалық қуаты – 467 орын. Жобаға жеке инвесторлар тарапынан 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда мұнда 260 оқушы білім алып, спортпен жүйелі түрде айналысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *