Бала тәрбиесі отбасынан басталады

Шымкент қаласындағы №140 жалпы орта білім беретін мектепте жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған Қожамжарова жанұясы арнайы шақырылып, оқушылармен ой бөлісті. Мерейлі отбасы өкілдері өз шаңырағындағы қалыптасқан салт-дәстүр, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен өзара қолдаудың маңызы туралы әңгімеледі.

Жүздесу барысында ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор болу, отбасындағы жауапкершілік пен ұлттық тәрбиенің рөлі сөз болды. Қонақтар отбасының берекесі мен бірлігі ең алдымен өзара түсіністік пен сыйластықтан басталатынын атап өтті.

Оқушылар да әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әсіресе берік отбасының құпиясы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны және ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *