AUEZOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰСЫНДЫ

Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамытуға арналған республикалық «Дала күні–2026» ғылыми-практикалық семинары өтті.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұйымдастырған іс-шараға Түркия, Өзбекстан және қазақстандық жетекші ғалымдар мен сала мамандары қатысып, мақта өсірудің озық технологияларын ортаға салды.

Халықаралық деңгейде өткен маңызды семинарда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымы, «Агроинженерия және технология» ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі, ҚР ҰАҒА академигі Б.Е. Қалымбетов арнайы баяндама жасап, өзінің инновациялық жобасын таныстырды.

Ғалым «Ғылым қоры» АҚ гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіп алған маңызды бастамасын көпшілік назарына ұсынды:
• Жоба атауы: DP25997719 «Қолданыстағы мақта шитін түксіздендіру цехын технологиялық жаңғырту негізінде жоғары сапалы тұқым өндірудің серпінді технологиясын енгізу және мақта тұқымын өндірісін ұйымдастыру».

Бұл жобаның берері қандай? Аталған жаңа технология отандық мақта сорттарынан тұрақты әрі жоғары өнім алуға, сондай-ақ сапалы тұқым өндіру үдерісін заманауи талаптарға сай түбегейлі жаңғыртуға жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *