Шымкентте №149 мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Шымкент қаласындағы №149 жалпы білім беретін мектепте қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Абай Атемқұловтың есімі берілген «Жас сақшы» сыныбы ашылды.


Салтанатты шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, Қазақстан Республикасы ІІМ «АРЛАН» спорт клубының басшысы Шоқан Жүзенов, сондай-ақ батыр полицейдің ағасы, жұбайы мен ұлы қатысты.

«Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, олардың заң мен тәртіпті құрметтеуіне, Отанға адал қызмет етуіне бағытталған маңызды бастама.

Сыныпта оқушылар құқық қорғау органдарының қызметімен танысып, әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларға қатысып, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын бойына сіңіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *