Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында А.Асқаров атындағы дендросаябақта сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына қалалық білім басқармасының қызметкерлері қатысты. Олар саябақ аумағындағы қоқыстарды жинап, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтірді. Сонымен қатар қураған бұтақтар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге және қоғамдық орындарды күтіп ұстауға басымдық берілді.