ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН 6 АҚПАРАТТЫҚ ДҮҢГІРШЕК АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында отандық және шетелдік туристерге үш тілде қызмет көрсететін туристерге арналған ақпараттық дүңгіршектер ашылды. Ғимараттар «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы мен «Тәуелсіздік» және «Абай» саябақтарында, «Наурыз алаңы» мен әуежайда және темір жол вокзалында орналасқан.

Туристік дүңгіршек қызметкерлері келушілерге мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері мен мәдени оқиғалары туралы, туристік маршруттары және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың анонстары туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсынады. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Бұдан бөлек, дүңгіршек тарапынан тұрғындар мен қонақтарға алдын-ала жазылу бойынша (10 адамнан артық емес) тегін экскурсиялық қызмет (18.00 мен 20.00 аралығында) көрсетілетін болады.
Туризм басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада туристік маршруттар толығымен дайындалған. Болашақта әр-түрлі туристік бағыттағы маршруттар әзірленіп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.
«Алдағы уақытта дүңгіршектерімізден кез келген адам қала аумағындағы барлық қонақүйлер мен мейрамханалар, қолжетімді емдеу орталықтары, ондағы бағалар мен қызмет түрлерімен қоса, басқада ақпараттар жайлы толық мәлімет ала алады»,-дейді басқарма маманы.
Туристтік дүңгіршек келушілерге дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09.00 ден-19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *