Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының бас санитары қабылдады. Қаулыға сәйкес, енді ХҚО азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.