Шымкенттік полиция коронавирус инфекциясының алдын алуға және пандемия кезінде азаматтарды қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтап, міндетті түрде маска тағып жүруге шақырады. Індеттің алдын алу мақсатында полиция карантин режимін сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеті туралы тұрғындармен профилактикалық сұхбат жүргізеді. Сонымен қатар полиция ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындарына көлік жуу орындарына барып, бас санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес қолданыстағы карантиндік шаралар туралы мекеме иелеріне ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Шымкенттік полиция департаменті азаматтардан карантин шаралары кезіндегі полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытуды сұрайды.