ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ — ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен қаладағы дәрі-дәрмектердің бағасы мен оның қол-жетімділігіне тексеру жүргізілді. Оның ішінде «Зерде» дәрілер қоймасына келіп түскен ең қажетті деген дәрі-дәрмектердің мөлшері мен жеткізілетін пункттері де назарға алынды.

 Осыған дейін көпшілік жұрт тыным таппай, аяқтан тозып іздеп кеткен дәрілер енді міне қолжетімді. Және бағасы да шекті бағадан аспайды. Ол жағы қатаң бақылауда. Атап айтқанда: «Дексаметазонның 70 мың данасы, «Эуфиллин 100 мың дана, Парацетамол 50 400 дана, Левомак 7000 және Офлоның 30 мың данасы» тікелей Шымкент қаласына жеткізілді.

«Бүгіннен бастап дәрілер тек рецептпен беріледі. Барлық дәрі-дәрмек бұрынғы бағамен сатылады. Бір адамға бір дәріден берілген нұсқаулық бойынша береміз. Сонда барлық тұтынушыға денаулығына керек дәрілер жеткілікті болады, – дейді, мамандар. Айта кетерлігі, әкелінген тауар, яғни дәрі-дәрмектер толықтай аудан-ауылдарға  жеткізіледі.

Қазір Шымкентте 10 дәрі-дәрмек қоймасы бар. Барлығында 1-2 айға жететін дәрінің қоры бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент өкілдері алдағы күндері дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру үшін арнайы мониторингтік шараларын жалғастырмақ. Ең бастысы енді облысымызда дәрі тапшылығы орын алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *