ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 1566 АДАМ ЖОЛДАНДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының негізгі жұмысы «Еңбек» бағдарламасымен тығыз байланысты. Аталған бағдарлама 4 бағыттан тұрады және олар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, еңбек нарығын, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ кәсіптік білім беруді қамтиды. Жалпы, жыл басынан осы уақытқа дейін 1566 адам жаңа жұмыс орындарына жолданып, 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ 3700-ден астам адам жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қаладағы құрылыс және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына жолданып, олар жұмыстарын атқаруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *