ШЫМКЕНТ: 1430 MEDICAL SERVICE МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрде медициналық қызмет көрететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды.

Аталған онлайн плотформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы кеңес бере алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әеімдігінде өткен баспасөз брифингінде денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленқұлов мәлімдеді.

Медициналық қызметті онлайн алу үшін әуелі «1430.kz» порталына тіркелу қажет. Азамат өзіне қажет дәрігерді таңдап, онлайн түрде консультацияға жазылады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің сөзінше, қазіргі таңда аталған платформаға 70-ке жуық дәрігер тіркелген.

– Портал арқылы консултацияға жазылған науқас жөнінде хабарлама бірден дәрігерге келіп түседі. Онлайн хабарламаны алған сәттен бастап науқастардың талдау нәтижелерімен танысып, бейнебайланысқа шығады. Қызметтің бұл түрін қолдану үшін компютер немесе смартфон болса жеткілікті. Жоспарға сәйкес аталған бағдарлама бүгіннен бастап қолданысқа енді. Алдағы уақытта қаладағы бүкіл дәрігерлерді осы порталға тіркеуді жоспарлап отырмыз, — деді Жақсылық Оразбайұлы.

Айта кетейік, казіргі таңда медициналық қызметтің мұндай түрі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосылып, нәтиежелі жұмыс істеп келеді.

Шымкент ақпараттық-коммуникацялық орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *