ПОЛИЦЕЙЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҰСЫНДЫ

Шымкент қаласының полицейлері егде жастағы тұрғындардың үйіне  барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Карантинге байланысты, Шымкент қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық Полиция басқармаларымен егде жастағы тұрғындардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға бойынша қызмет көрсетті.

Шымкент қалалық Полиция департаменті қызметкерлері тұрғындарға сапалы қызмет түрін ұсынып қана қоймай, халыққа қорған болу мақсатында жұмыс істейтіндерін көрсетті. Шымкент қалалық Полиция департаменті және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау Полиция басқармалары Көші-қон қызметі бөлімдерінің қызметкерлерімен құрылған мобильді топ бүгінге дейін 457 адамға ҚР азаматтының жеке куәлігін ресімдеп, дайын құжаттарын иелеріне тапсырған. Полиция қызметкерлері тарапынан осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Айта кетейік, өздігінен жүріп-тұруы қиын зейнет жасындағы азаматтар құжат рәсімдеуге қатысты мәселеңіз болса, 1414 Call-орталығына хабарласып, осы қызмет түрін үйден шықпай алуға өтініш тастай аласыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *