Шымкентте эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Соңғы аптада жағдай тұрақтала бастады. Күндізгі стационарда бұған дейін күніне 500-ден аса адам ем қабылдаса, бүгінде олардың қатары сиреген. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов мәлімдеді.
-Қалада 650 орындық инфекциялық төсек орын бар. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында, «Атамекемен» медициналық мекемесінде және Асардағы жаңадан салынған ғимаратта орналасқан. Олардың сыйымдылығы 56 пайызды құрайды. Қазіргі таңда мұнда 366 адам ем қабылдап жатыр,-деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов.
Індетті ауыздықтау мақсатында 26 мекемеде пробизорлы орталықтар ашылған болатын. Медициналық орталықтар 3 210 орынға шақталған. Қазіргі мұнда 1810 науқас емделіп жатыр. Сонымен қатар Қажымұқан атындағы орталық стадионындағы жеңіл атлетика манежіндегі күндізгі стоционар да өз жұмысын тоқтатты.
Өткен аптада жедел-жәрдем қызметіне 1707 адам жүгінген. Олардың короновируспен 22-сі, пневмония бойынша 98 азамат ауруханаларға жатқызылды. Аталған дерттерге байланысты жағдай тұрақталған. Айта кетейік, Шымкентте 4 306 адам коронавирус дертіне шалдыққан.
Bozyq.kz