Енді шымкенттіктер ХҚО-ның «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерін онлайн режимінде ала алады

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша сағат 9.00 — ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет.

Осы бағытта азаматтардың денсаулығын сақтау үшін порталда электрондық өтініш беру арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды.
Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша ол үшін бірінші кезекте электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және egov.kz порталына тіркелу қажет.
— «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Одан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, құжаттардың сканерленген көшірмелері, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс.
Сондай-ақ, қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс — дейді Алтынай Татаева.
Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.
Egov.kz орталындағы «Электронды өтініш» арқылы өтініш қабылданатын қызметтер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *