27 миллиард теңге. Шымкент қаласында 256 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары үшін осындай қомақты қаражат бөлінген. Тиісті сома мердігерлердің қолына тигенімен, кейбір жолдардың сапасы сын көтермей тұр. Аталған олқылықтардың себеп-салдарын анықтау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері мен «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының өкілдері арнайы рейд өткізді. Толығырақ тілші материалында.
Кеңес мүшелері бұл жолы толықтай күрделі жөндеуден өтіп жатқан Түркістан көшесіндегі құрылыс барысын тексерді. Қаладағы күре жолдың жалпы ұзындығы 1850 метрді құрайды екен. Жөндеу жұмыстарына қазынадан 611 миллион теңге бөлінген.Әл-Фараби алаңынан Адырбеков көшесіне дейінгі бөлігі жақында бітпек. Десек те құрылыс барысында жіберілген кемшіліктер көп, дейді мамандар.
Қамбар Жани-Шымкент «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы
-Біз жолдың екі жағынан да, жаяу жүргіншілер жолдарында орналасқан бордюрлердің барлығының қалыңдығын тексеру мақсатында, жылжымалы лабораторияның жігіттері тексерді. Енді стандартқа сәйкес келетін бірде-біреуі жоқ
«Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының өкілдері жолдың қалыңдығы мен жиектастардың беріктігін тексерді. Талапқа сай келмейтін тұстары баршылық , дейді сарапшылар. Мердігер компания кемшілікті дер кезінде түзейміз деп отыр.
Сайн Бекаманов– «Алеф-А» ЖШС-ның директоры
— Бұны ақшаға сатып алынған нәрсе. Мен производительдерден талап етемін. Или ауыстырады маған. Бұл қаражатқа сатып әкелінді. Бұны сатып алып, қоя салатын дүние емес. Бірінші мен емес шығармын, осындай кемшіліктер анықталып жатқан мердігер.
Жоспар бойынша жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталуы керек. Алайда, соңғы ескертулерден кейін жұмыс созылатын түрі бар.
Қайрат Баймендиев — Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы
—Қазір зерттеу барысында спорный болып қалды. Жанынан тексерсең шығады, үстінен тексерсең шықпайды. Арасында әлі свежий жиектастар бар. Свежий деп есептеп жатқан жиектастарды 20 күннен кейін зерттеп көрейік. Ал егерде ол тексеруден сапасы шықпай беріктігі жиналмайтын болса, мердігер мекеме өз есебінен вуыстырады.
Бюджеттен бөлінген әр тиынның сұрауы болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің ұстанымы осы. Осыған дейін қалада 10 рейдтік іс-шара өткізіліп, 50-ден астам кемшілік анықталған. Келісім шартта белгіленген талаптар орындалмайтын болса, мердігер компанияларға қатысты шара қолданылмақ.