ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТҚАН

Шымкенттің мерейі асып, республикалық маңызы бар мегаполис мәртебесін алғанына да 2 жылдан астам уақыт болды. Сол уақыттан бері қалада құрылыс қарқыны тоқтаған емес. Жол жөнделіп, тұрғын үйлер бой көтеруде. Ескісінің қасбеті жаңа кейіпке еніп, Шымкенттің шырайын арттыра түсуде. Жұмыс қарқынын үдете түскен шаһарда әлі де атқарылар шаруа шаш етектен. Мәселен, биылғы жылдың өзінде 154 нысан құрылысы басталды. Тұрғын үй, мектеп, аурухана, мәдениет және спорт ғимараттарына мән берілген. Бұл туралы ақпараттық — коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтылды. Әкімнің орынбасары мен қаланың құрылысына жауапты басшының баяндамасын сюжет көріңіз.

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы әкім орынбасарларынының жіті бақылауында.

Бауыржан Мамыталиев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

«Республика  және Тәуке хан даңғылы бойындағы  шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды. Жөндеу жұмыстарын «Отау Строй», «А.Р.Т. Құрылыс», «Канфар Билдинг», «Корпорация Ақ ордасы», «Шымкент строй», «КазМедеоГранд», «БекСтройСервис», «Лидер-НК» және «Югстройсервис-Н» секілді компаниялар жүргізді. Бүгінгі таңда 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды» 

 Сонымен қатар,  Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі  анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, ал қалған екі үйдегі жөндеу  жұмыстарының  90% пайызы атқарылғанын жеткізді. Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығында алты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетін болады.

 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 120 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған екен. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылыпты. Ағымдағы жылы 154 нысан құрылысы басталған. 92 тұрғын үй, 13 мектеп, 1 денсаулық, 2 мәдениет, 3 спорт және өзге де нысандар халық игілігіне берілмек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *