ШЫМКЕНТ: «ЦИТАДЕЛЬ» — ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.

Ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты.

Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ қыш өнері бойынша шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.

Айта өтейік, бұған дейін ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылған болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *